Дошкольные организации города Караганды

    КГКП д/с “Бәйтерек”


КАЗ 
Главная почта Контакты

Новости

Не размещено ни одной новости.


Фотогалерея 


  • «Бәйтерек» балабақшасының директоры жайлы мәлімет

1. Тегі, аты, әкесінің аты    Тебай Рашида Умбетовна

2. Жұмыс орны, қызметі     Директор, «Байтерек» балабақшасы

3. Жұмыс өтілі                     37 жыл

4. Санаты                               Жоғарғы

  • Директор туралы ақпарат

       Қазақстан Республикасы  Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы  «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын және Қазақстан Республикасы  Президентінің   2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 «Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары»  Жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың 28 мамырындағы № 488 Қаулысымен «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі  2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасымен 2011 жылы Қарағанды қаласында ашылған    КМҚК «Байтерек» балабақшасында Тебай Рашида Умбетовна   басқарып келеді.

Мектепке  дейінгі тәрбие  мен білімнің сапасын көтеру мақсатында Мемлекеттік бағдарламалар «Балбөбек» «Қарлығаш» «Қайнар» «Алғашқы қадам» «Зерек бала» «Біз мектепке барамыз»  және де балабақша педагогтарының авторлық бағдарламалары:

  1. «Абайдың қара сөздері «Өзін-өзі тану» бағдарламасында» авторы балабақша директоры Тебай Р.Ү.
  2. «Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілін тереңдете оқыту» авторы балабақша директоры Тебай Р.Ү.
  3. «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық қиялын дамыту» авторы әдіскер Болекбаева Ж.А.
  4. «Адамгершілік тәрбие. Ата аналармен ынтымақтастық» авторы тәрбиеші Нығыметова З.Т.

   5. «Ағылшын тілі» әдістемелік құрал авторы Тебай Р.Ү.,  әдіскерлер Есмаханова М.В., Болекбаева Ж.А.

Бұл авторлық бағдарламаларды басқа да балабақша педагогтары қолдануда.

Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі әрбір тәрбиеші педаготардың өз еңбегінің нәтижесімен,  жаңалығы мен біліктілігімен білімдерінің арқасы деп білеміз. Сонымен қоса Тебай Р.Ү. мамандардың біліктілігін арттыруларына жағдай жасайды. Атап айтсақ, ең алғаш балабақша ашылған 2011-2012 оқу жылында 18%- 1 санатты, 

2012-2013 оқу жылында 5% - жоғарғы санат, 20% - 1 санатта,

2013-2014 оқу жылында 9% - жоғарғы санат, 24% - 1 санатты педагогтар  жұмыс атқарып келеді.

Жұмыс барысында басқарушы ретінде өзің мамандықтың толық иесі екендігін көрсетті. Басқару қабілетімен меңгере отырып оқу жүйесін дамыту үшін үлкен жұмыс атқарды.

Кадрлармен жұмыс істегенде ең бастысы-педагогтарға әдістемелік көмек көрсетеді, педагогтардың шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Педагогтардың шеберліктерін арттыру үшін ғылыми әдіс-тәсілдерді қолданды.

Балалармен жұмыс жасау барысында ең бірініші орынға рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді көздейді. Балалардың денсаулығын сақтауға, нығайтуға өте үлкен көңіл бөледі.

Тебай Рашида Умбетовна баланы мектепке дайындауға, оған қажетті көмектер беруге көптеген жағдайлар жасауда.

Сонымен қатар,  Тебай Рашида Умбетовнаның   авторлық бағдарламасы  «Углубленное обучение дошкольников казахскому языку» (2003ж), «Абайдың қара сөздері «Өзін-өзі тану» бағдарламасында»(2009ж.) жарыққа шықты.

Рашида  Умбетовна өз ісіне сенімді, адал еңбек ететін аса қадірлі басшының бірі.

Марапаттаулары:
  • «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»  белгісімен марапатталды (2011ж 21 қыркүйек)
  • Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай  төс алқасымен марапатталды.(2011ж)
  • Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру «Бөбек» орталығы  марапаттаған  Құрмет грамотасы  Алматы қаласы (2006ж)
  • Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру «Бөбек» орталығының 10 жылдығына орай марапатталған  Құрмет грамотасы  Алматы қаласы (2007ж)
  • «Білім ұясы - Таңдаулы балабақша» Республикалық  конкурсының дипломымен марапатталды, Астана қаласы (2008ж)
  • Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасы (2010ж.)
  • Жас урпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндей елеулі табыстары үшін "Ы.Алтынсарин" белгісімен марапатталды.

 

 

© 2008 Использование информации, размещенной на сайте, допускается только с письменного разрешения владельца сайта.
WS

© 2008 Интернет-компания "Webstyle"
Разработка и поддержка веб-сайтов